• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:30:49
Алматы
+35°

23 Қазан, 2017 Оқиғалар

Египетте тасжүрек әке өзінің 5 жастағы қызын ұрып өлтірді (фото)

Египетте орналасқан Эль-Гиза қаласының тұрғыны өзінің 5 жастағы қызын ұрып өлтірді.

Египетте орналасқан Эль-Гиза қаласының тұрғыны өзінің 5 жастағы қызын үй тапсырмасын орындамағыны үшін ұрып өлтірді, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі islamnews.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

5 жастағы қыз ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Оның барлық денесі кеудесі мен басы да көгерген.  Өкінішке қарай, дәрігерлер қыздың жанын аман сақтап қала алмады.

5 жастағы қыз

Жергілікті полиция қызметкерлерінің дерегі бойынша, қызды әкесі пластикалық таяқпен ұзақ уақыт ұрған. Сол уақытта көршілер де үйден кішкентай қыздың қорқынышты айқайын естіген, алайда құтқара алмапты.

Тасжүрек әке тергеу кезінде жағдай дәл осылай ушығып кететінін, қызының өліп қалатынын білмегенін айтып ақталған. Сонымен бірге ол өз ісіне өкінетінін, алайда бәрі кеш екенін айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір