• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:49:13
Алматы
+35°

15 Маусым, 2018 Әлеумет

Египетте қазақ тілін оқытатын болады

Іргесі 1908 жылы құрылған Каир университеті Таяу Шығыстағы ең ірі «Әл-Азхар» университетінен кейін екінші орында.

Қазақ тілі Египетте оқылатын болды. Университет бағдарламасына пән ретінде алғаш рет енгізілді. Бұл туралы Қазақстанның Египеттегі елшісі Арман Исағалиевтің Каир университетінің ректоры Мохаммед Әл-Хоштоммен кездесуі барысында нақтыланған.

Ректор университетте әдебиет факультетінің ашылып, ондағы пәндердің қазақ тілінде жүргізілу үлесін қосқан Қазақстан елшісіне алғысын білдірді. 2018-2019 жылдардан бастап Қазақстан тарапы еліміздің университеттерінен Египет азаматтары үшін 18 стипендия бөлді.

Іргесі 1908 жылы құрылған Каир университеті Таяу Шығыстағы ең ірі «Әл-Азхар» университетінен кейін екінші орында. Бүгінде оқу орнында 20 факультет, 10 ғылыми-зерттеу институты, 1 обсерватория, 2 аурухана және 10 медициналық орталық бар. Әлемдік рейтингте жоғары позицияны ұстанатын университет фармацевтика саласы аясындағы оқу орындарынан алғашқы жүздікке, медицина саласы бойынша үздік 250 университеттің қатарына, инженерлік сала бойынша үздік екі жүздікке және химия саласы бойынша үздік 300 университеттің қатарына кірген.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір