• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 18:04:04
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Экономика

ЕАЭО мен Иран келісіміне сәйкес тарифтік міндеттемелер

Келісім аясында Иран Қазақстанның экспорттық мүддедегі негізгі тауарлары бойынша кедендік әкелім бажын азайтады және бекітеді.

Астана экономикалық форумы алаңында Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Иранның арасында еркін сауда аймағын құруға әкелетін уақытша келісімге қол қойылғанын хабарлағанбыз

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар тауарлық қамту бойынша мынадай уағдаластыққа қол жеткізді: Иран 246 тауар бойынша 6 мәнге (оның ішінде 74 а/ш, 172 өнеркәсіптік), ЕАЭО - 175 тауар бойынша 6 мәнге тарифті азайтты (оның ішінде 53 а/ш, 122 өнеркәсіптік).

Келісім аясында Иран Қазақстанның экспорттық мүддедегі негізгі тауарлары бойынша кедендік әкелім бажын азайтады және бекітеді (102 желі 6 мәнде, оның ішінде 47 а/ш, 55 өнеркәсіптік), оның ішінде:

сиыр еті (26% -дан 10%-ға азайтылды),

қой еті (5%-ға бекітілді),

сары май (5-55%-дан 4-40%-ға дейін азайтылды),

ноқат, жасымық (5%-ға бекітілді),

бұршақ (55%-дан 25%-ға азайтылды),

арпа, жүгері, соя бұршағы (5-10%-ға бекітілді),

күріш (26%-дан 15%-ға азайтылды),

өсімдік майлары (20%-дан 10%-ға азайтылды),

макарондар (55%-дан 20%-ға азайтылды),

кондитерлік өнімдер (55%-дан 20%-ға азайтылды),

болат прокаты (20%-дан 10-15%-ға азайтылды),

рельстер (5%-дан 4%-ға азайтылды),

аккумуляторлар (32-55%-дан 10%-ға азайтылды).

Өз кезегінде Иран үшін ЕАЭО-ға қатыссыз: пісте, құрма, інжір, мейіз, асшаян, бақша дақылы, апельсин, лимон, лайма, кондитерлік өнімдер, шырындардың кейбір түрі, құрылыс бояулары мен лак, ыдыс, жуу құралдары, кілем, пластмасса бұйымдары секілді тауарларға кедендік баж азайтылатын болады (ағымдық БКТ орта есеппен 0-10% мөлшерінде).

Иранның экспорттық мүддедегі негізгі тауарларына (алма, қызанақ, қияр) ЕАЭО өндіріс жоқ кездегі (қарашадан наурызға дейін) маусымдық түсірулерді ғана ұсынып отыр. Сонымен қатар Ираннан жеткізілетін картоп, қызанақ пастасы мен көкөністерге қатысты ағымдық тарифтер GSP деңгейінде бекітілген (7,5 - 9% мөлшерінде).

Сонымен бірге Иранның экспорттық сұраныстағы тауарларының көпшілігі преференциялық тауарлар тізбесіне енеді, бұл оларды дамушы елдер және аз дамыған елдерден, оның ішінде Ираннан әкелу кезінде ҚЖТ мөлшерлемесі көлемінің 25%-ға төмендеуін білдіреді. Тұтас алғанда, сұраныс желісінің көпшілігінде БКТ мөлшерлемесінің деңгейі төмен немесе нөлдік болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір