• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:16:05
Алматы
+35°

16 Желтоқсан, 2017 NEWS

Джон Кеннедидің өліміне қатысты жаңа құжаттар жарияланды

2017 жылдың шілде айынан бері Кеннедидің өлімімен байланысты 34 мың құжат жария болды

АҚШ-тың Ұлттық мұрағаты Джон Кеннедидің өліміне қатысты 3,5 мыңнан астам құжатты жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Мұрағат сайтының мәліметіне сәйкес, бұл құжаттар осы жылдағы алтыншы және соңғы шығарылымы. 1992 жылғы заңға сәйкес, барлық құжат жарияланды. Тек Ұлттық мұрағат және басқа да ведомствалардың мамандары  88 құжатты  қосымша зерттеуі қажет.

2017 жылдың шілде айынан бері Кеннедидің өлімімен байланысты 34 мың құжат жария болды.

Айта кетейік, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джон Кеннедиді 1963 жылы 22 қарашада өлтіріп кетті. Ресми деректерге сәйкес, оны өлтірген - Ли Харви Освальд. Екі күн өткеннен кейін оны полиция бөлімшесінде атып өлтірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір