• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:15:10
Алматы
+35°

20 Шілде, 2018 NEWS

Димаш Құдайбергенов: Өз қазағымыздың қолынан қаза тапқаныңа сене алмаймын

Танымал әнші Димаш Құдайберген қайтыс болған Қазақстанның даңқты спортшысы Денис Теннің қазасына қатысты пікір білдірді.

Танымал әнші Димаш Құдайбергенов қайтыс болған Қазақстанның даңқты спортшысы Денис Теннің қазасына қатысты пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Осындай қайғылы пост жазамын деп еш уақытта ойламадым. Бұған сене алар емеспін. Денис, досым, бауырым. Біз сені қатты сағынатын боламыз. Достығың үшін рахмет саған, Джеки! Сен ұлы адамсың! Сен аңыз болып қалдың! Жарық дүниеден ерте кеткенің қандай өкінішті... Мен әрқашанда сенің талантыңа бас иемін, өзіңді қатты сағынатын боламын. Екеуміздің соңғы сөйлескен әңгімемізді ешқашан ұмытпаймын. Сен еліміздің батыр азаматысың!», – деп жазды Димаш өз Instagram-парақшасында досынан айрылып қалғанын білген соң.

Кейінірек өз елінде өз қандасының қолынан қаза тапқан Денистен кешірім сұрап, тағы бір жазба қалдырды.

«Қазақтың намысын қорғаймын деп жанын салған, барын салған мақтанышымызды сол жерде бір қазақ көмектеспек түгілі, өз қазағымыздың қолынан жан тапсырғанына сене алар емеспін. Әлемге біздің ұлтымызды ұлықтап, елімізді танытқан саусақпен санарлық майталмандарымыздың қадірін біліп қорғап жүрсек болатын еді ғой! Нағыз ержүрек батыр едің ғой, досым. Сенің қарапайымдылығың, адами қасиеттерің  бәрімізге үлгі! Екі сөзіңнің бірінде «Менің Қазақстаным», «Менің қазағым» деуші едің. Менің қанымды, менің ұлтымды, менің елімді танытқаныңа мың тағзым. Сен ешқашан сөнбейтін жұлдызсың! Кешір  бізді, досым! Өзегім өртеніп барады», - деп жазды әнші.  

Айта кетейік, Қазақстандық чемпионды ұры әрі қандықол қылмыскер Құрманғазы мен Бәйсейітов көшелірінің қиылысында пышақтап кеткен еді. Соның салдарынан Денис 3 литрге жуық қан жоғалтты. Дәрігерлер оның өмірімен 2 сағат бойы арпалысты, алайда нәтижесіз болды. Жұлдыз бір сәтте сөнді де қалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір