• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:30:31
Алматы
+35°

09 Сәуір, 2018 Әдебиет

Дидаxмет Әшімxанұлының 3 томдық еңбегінің тұсаукесері өтеді

Д.Әшімxанұлының 3-томдығына ең таңдамалы әңгімелері, повестері, пьеасы, үздік мақалалары және Джек Лондон мен Голсуорсиден аудармалары топтасырылған.

10 сәуірде Жазушы Дидахмет Әшімханұлының шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді, деп жазады Qamshy.kz. 3 томдық еңбекті дайындап тұсаукесер ұйымдастырып отырған Дидаxмет Әшімxанұлы атындағы жас әдебиетшілер клубы.

Алматыдағы 4 қалалық кітапxанада сағат 11:00-де (Абай көшесі 141, Жароков қиылысы) өтетін шараны ұйымдастырған,  клубтың жұмысын алға жылжытып отырған жазушы Нұрдәулет Ақыш пен Нағашыбек Қапалбек.  Тұсаукесерге қаламгер Әлібек Асқаров, Еркін Нұразxан, Қуандық Түменбайлар қатысады. Келемін деушілерге есік ашық
Д.Әшімxанұлының 3-томдығына ең таңдамалы әңгімелері, повестері, пьеасы, үздік мақалалары және Джек Лондон мен Голсуорсиден аудармалары топтасырылған. Осы кітаптағы шығармаларды жас әдебиетшілер талдайды.

Қаламгер, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Дидахмет Әшімханұлы 3 жыл бұрын өмірден озған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір