• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 19:31:05
Алматы
+35°

20 Маусым, 2018 NEWS

Душанбеде қырғыз-тәжік шекарасы бойынша келіссөз жүріп жатыр

Қырғыз делегациясын вице-премьер Жениш Разаков бастап келсе, тәжік тарапынан үкімет басшысының орынбасары Азим Иброхим келіссөздерге қатысып жатыр.

Душанбе қаласында бүгін, 20 маусымда Қырғызстан мен Тәжікстан арасында шекараға қатысты келіссөздер әрі қарай жалғасты. Қырғыз делегациясын вице-премьер Жениш Разаков бастап келсе, тәжік тарапынан үкімет басшысының орынбасары Азим Иброхим келіссөздерге қатысып жатыр.

Бұның алдында, 19 маусымда тараптар қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау және шекаралас аудандарда жанжалға жол бермеу мәселелерін талқылады. Бүгінгі келіссөздер де сол форматта өтеді.

Кездесу барысында делегациялар екі мемлекеттің көлік және коммуникация, мәдениет, сауда және экономика, су энергетикасы салалаларындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелерін қараған.

Бұған дейін хабарланғандай, 9 маусымда Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Сооронбай Жээнбеков пен Эмомали Рахмон кездесіп, шекара мәселесін тезірек шешу туралы келісімге қол қойды.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір