• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:04:53
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2018 NEWS

Дубайда жүргізушісіз әуе таксиі шығарылады

Дубай әуе кеңістігінде жуық арада көліктің ерекше түрі - жүргізушісіз басқарылатын таксилер пайда болады.

Дубай әуе кеңістігінде жуық арада көліктің ерекше түрі - жүргізушісіз басқарылатын таксилер пайда болады. 6-шы Бүкіләлемдік үкіметтік саммитте осындай жоба таныстырылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасай отырып.

Шараға 140 елден келген 4 мыңнан астам делегат қатысуда. Таксидің жаңа түрін шығару бастамасын Германияның Volocopter компаниясына ынтымақтастық жасауды ұсынған Дубай жол және көлік басқармасы көтерді.

Жоба авторларының айтуынша, Дубайдың әуе таксилері - көліктің экологиялық таза түрі. Ол электрмен жұмыс істейтін болады. Жобаға сәйкес, ұшу ұзақтығы 30 минуттан, жылдамдығы сағатына 100 километрден, ал биіктігі 2 мың метрден аспайды. 

Бұдан бұрын БАӘ премьер-министрі және Дубай әмірі шейх Мұхаммед бин Рәшид әл-Мактум 2030 жылға қарай қаладағы өздігінен жүретін көлік құралдары 25%-ға жететінін мәлімдеген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір