• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:29:27
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2018 NEWS

«ДВК» туралы ақпарат таратқандар заңмен жазаланады – Дәурен Абаев

Дәурен Абаев Мұхтар Әбіләзовтің «Қазақстанның демократиялық таңдауы»  қозғалысының экстремистік деп танылуына қатысты пікір білдірді.

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мұхтар Әбіләзовтің «Қазақстанның демократиялық таңдауы»  қозғалысының экстремистік деп танылуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан  мәліметіне сүйеніп.

«Маған соттың шешімімен танысу керек. Менің білуімше, бұл заңды күшіне бірден емес, он күннен кейін енеді. Әр жағдайда жеке-дара талдау жүргізген жөн. Егер Қазақстан азаматтары тыйым салынған немесе экстремистік деп танылған ұйымның қызметі туралы ақпарат тарататын болса, онда олар тиісті заңмен қудаланады», — деді министр. 

Сондай-ақ Абаев Әбіләзовтің әлеуметтік желідегі қызметін шектеу мәселелерін де қарастыратындарын айтты.

«Біз қазір қарастырып жастырмыз. Сот шешіміне сәйкес қажетті шараларды қабылдаймыз. Қазақстандықтар экстремистік деп танылған қозғалыс туралы ақпарат таратса, қылмыстық жауапкершілікке тартыла»,  — деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір