• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:48:37
Алматы
+35°

13 Қазан, 2017 NEWS

Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Қалалар экономика дамуының негізгі күші болып табылады және әлеуметтік - экономикалық қиындықтарға қол жеткізуде орталық орынды иеленеді.

2017 жылдың 13 қазанында ҚазҰАУ-нің ИИДМБ білім беру инновациялық орталығында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті және «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік филиалы бірлесуімен ұйымдастырылған дүниежүзілік стандарттар күніне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жыл сайын бұл күнді ISO стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның барлық мүшелері, ХЭК Халықаралық электротехникалық комиссиясы және Халықаралық электробайланыс одағы ITU, сондай-ақ әлемдік ғылыми-техникалық қоғамдастық Дүниежүзілік стандарттар күнін стандарттау жұмысының маңызы ретінде атап өтуде.

Бұл күні жыл сайын ISO стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның барлық мүшелері, ХЭК Халықаралық электротехникалық комиссиясы және Халықаралық электробайланыс одағы ITU, сондай-ақ әлемдік ғылыми-техникалық қоғамдастық дүниежүзілік стандарттар күнін стандарттау жұмысының маңызы ретінде атап өтуде.Осы жылы дүниежүзілік стандарттар күнінің ұраны: «Стандарттар қалаларды ақылды етеді».

 Дөңгелек үстелге қала әкімдігінің өкілдері, мемлекеттік органдардан,  кәсіпкерлер палатасынан, «ҚазМетрИн» ОҚФ басшылары мен мамандары, Алматы қаласы бойынша «ҰАО» ЖШС өкіл басшылары мен мамандары, стандарттау бойынша техникалық комитеттерден,  қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтардан, аккредиттеу субъектілерінен, сынау зертханаларынан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ жоғарғы оқу орын ұстаздары мен студенттері қатысты.

 Бүгінгі таңда қалалар экономика дамуының негізгі күші болып табылады және әлеуметтік - экономикалық қиындықтарға қол жеткізуде орталық орынды иеленеді. Қалаларға  арнайы талаптар қойылады, мәселен: қолжетімді инфрақұрылым, жоғары мобильділік, қауіпсіздік және экологиялық тазалылық сияқты, сондай-ақ ол кең әрі жоғары сапалы қызмет,  азаматтар үшін жайлы өмір сыйлауды қамтамасыз етеді.

Стандарттау стратегиялық және техникалық деңгейде тиімді өзара әрекеттесуге қол жеткізуге көмектесетін инновациялық технологияларды енгізу және дамыту үшін жүргізуші ретінде қолданылады. Іс-шара аясында спикерлер төменде көрсетілген қызықты ақпараттармен алмасты:

- «SMART СITY» құрылуындағы халықаралық тәжірибе;

- 2020 жылға дейінгі «SMART ALMATY» тұжырымдамасы мен даму бағдарламасы. Мәртебесі мен келешегі;          - Білім беру жүйесінде IT-технологиялар;           - Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде медициналық ақпараттандыру «Цифрлы Казахстан»;          - Қазақстандық инновациялық патенттелген қалалар мен аудандардың тұрақты дамуына арналған технологиялар;

- «SMART СITY» саласында стандарттау;

-  Қазақстанда Big Data, IoT и Smart City технологияларын пайдалануды институционалдық қолдау;          - «Ақылды қала» өндіріс және тұтыну қалдықтарын шығарудың жаңа технологиялары;          - «SMART СITY»-дегі жолдар және олардың инфрақұрылымдары;

- «SMART СITY» компоненті ретінде bilding information model;

- Smart-Grid Желісінде жасанды интеллект пен бизнес-модельдерді қолдану;

- Алматы қаласы ақылы автотұрақтары;

 Дөңгелек үстелдің соңында стандарттаудың дамуына белсенді үлес қосқаны үшін кәсіпорындар, ұйымдардың басшылары мен мамандарына  дипломдар мен алғыс хаттар берілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға әрдайым бірінші кезекте тұрып, жаңа қиындықтармен сәттілікпен аяқтап, уақытты үнемді пайдалану, еңбек саласындағы табыстармен, жақсы денсаулық пен жаңа жетістіктерді тіледі!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір