• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:38:33
Алматы
+35°

09 Қаңтар, 2018 Әлеумет

ДСҰ адам ағзасын жануар ағзасымен алмастыруға $2,5 млн бөлді

Ал егер адам ағзасына пайдалы, жарамды дәріні адам ағзалы шошқаға тексеріп көрер болсақ, тиімді болмақ деп көрсетіп отыр

Бүгінде ғалымдар адам ағзасын жануар бойында өсіріп, жетілдіру  жұмыстары үшін көптеген жыл еңбек етті. Ал соның нәтижесінде жоспарлар бірқалыпты жүзеге асып жатыр. Дей тұрғанмен , бұл жағдайдың соңы немен аяқталатыны көпшілікті алаңдатып отыр.

Осыдан 120 жыл бұрын Герберт Уэллстің «Остров доктора Моро» романында дәрігердің жануарлардан адам жасап шығаратыны айтылған.

Ал 2016 жылы британиялық Daily Mail басылымы «Ғалымдар адам мен жануардың ағзасын араластырып, бейтаныс тіршілік иесін жасап шығармақ» деп хабарланған болатын.

«Ғылымдар адам мен жануар арасындағы тосқауылды бұзбақшы» деп жазды бірнеше ай бұрын Washington Times. Мақала авторы жақын арада есі бар жануарлар зертханалардан босап шығады деп жазған.

Дәрігерлер адам ағзасын трансплантациялауды қажет ететін пациенттер үшін  жеке адам ағзаларын жануарлардың эмбриондарында өсіруді жоспарлаған. Бұл тәсіл операция жасау үшін  ұзын сонар кезекті азайтуға септігін тигізеді деп қаралып отыр.

Аталған жоспарға 30 жылдан астам уақыт ғылыми ізденіс жүргізілді. Ғалымдар тәжірибе арқылы кейбір жұмбақтың жауабын тапты. Әртүрлі тіршілік иелерінің ағзалары арасындағы айырмашылық пен байланысты анықтап, жануардың  құрсағында тірі ағзаның жетілуін анықтады.

«Бүгінгі таңда бүйрек ауыстыру үшін кемінде 3 жыл кезекте тұру қажет. Ал шошқа денесінде бұл ағзаны 5 ай ішінде өсіріп шығуға болады», деп мәлімдеп отыр ағылшын ғалымдары.

Сонымен қатар, «басқа жануарлармен салыстырғанда кез келген ағза шошқада тез жетіледі» деп көрсетіп отыр ғалымдар.

«Дәрілерді шығарған кезде ең бірінші  жануарларға сынап көреді. Ол кезде жануарлардың ағзасы дәріні қабылдайды, ал адамға келгенде кейде күтпеген жағдай орын алып жатады. Нәтижесінде дәрі де, уақыт та, ақша да босқа кеткен болып есептеледі»   деп атап өтті Испусуа Бельмонте есімді ғалым.

Ал егер адам ағзасына пайдалы, жарамды дәріні адам ағзалы шошқаға тексеріп көрер болсақ, тиімді болмақ деп көрсетіп отыр.

АҚШ-тың Денсаулық сақтау ұйымы аталмыш тәжірибеге  2,5 млн доллар көлемінде қаржы бөліп отыр. Қаржылай қолдау білдіргендер, химерлер жасап шығаруда адам жасушасы емес маймылдың жасушасы қолданылу керек деген шарт қойған.

www.bbc.com

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір