• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:55:59
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2018 Әлеумет

«Дос-Мұқасанның» мүшесі сейсмология институтының директоры болды

Директорлық қызметке «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін салушы және алғашқы басқарушысы келді.

«Цифрлық техника және технология институты» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан сейсмология институтының директоры ауысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Институттың бұрынғы директоры Әнуар Боранбаевпен еңбек келісімі 12 ақпанда бұзылды. 24 ақпанда басшылыққа Досым Сүлеев келеді.

Бүгінде Сүлеев 70 жаста. 1970 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің автоматика және есептеу техникасы факультетін бітіріп, техникалық кибернетика кафедрасында инженер қызметіне қалдырылды. Мәскеудегі Болат және қорытпалар институтының аспирантурасының күндізгі бөлімін тәмамдап және кандидаттық диссертациясын сәтті қорғағаннан кейін, Қазақ политехникалық институтына педагог ретінде жіберілді.

1984 жылдан Алматы қалалық партия кеңесінің Білім беру бөлімінде жұмыс жасады.

1986 жылдың сәуірінен Алматы энергетикалық институтында оқу жұмысы жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

 1997 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының Білім беру және Мәдениет Министрлігінің Жоғары және арнайы білім беру Департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

2001 жылдың қаңтарында ҚР премьер-министрі канцеляриясының Қоғамдық мәдени даму бөлімінің бастығы қызметіне ауыстырылды.

2001 жылдың шілде айында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеттің ректоры болып тағайындалды.

2004 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының Жер туралы ғылым бөлімінің төрағасы болып келеді. Сонымен қоса, ол «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін салушы және алғашқы басқарушысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір