• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:10:40
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2018 Спорт

Допинг тестіден өтпей қалған жапон шорт-трекшісі Олимпиададан шеттетілді

Шорт-тректен Жапония құрамасының мүшесі Кэй Сайто допинг тестілеуден өте алмай 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетіліп

Шорт-тректен Жапония құрамасының мүшесі Кэй Сайто допинг тестілеуден өте алмай 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетіліп, Олимпиада қалашығынан шығарылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Допинг-сынама 21 жастағы спортшының бойынан тыйым салынған ацетазоламид затын анықтады. Шетелдік БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, Сайто аталған дәріні спорттан уақытша шеттетілуіне байланысты өз еркімен қабылдап жүрген.

Еске салсақ, Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындары 25 ақпанда аяқталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір