• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:33:06
Алматы
+35°

16 Қараша, 2017 NEWS

Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға шақырды

Мемлекет басшысы, екі елдің экономикалық байланыста екенін айтып өтті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездеседі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.

«Жуырда телефонмен сұхбат кезінде Президент Трамп мені Ақ үйге шақырды. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты мен сонда боламын. Сол кезде мен Вашингтонға баратын болып келістік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев елордада 13 қарашада өткен Астана клубының үшінші отырысында.

Мемлекет басшысы, екі елдің экономикалық байланыста екенін айтып өтті.

«300-ден астам америкалық компаниялар Қазақстанда жұмыс істейді. Аталмыш компаниялар біздің елімізге 50 млрд доллар инвестиция құйып отыр. Олар ірі көлемдегі мұнай, энергетика компаниялары. Біз технология саласында да серіктестігіміз жалғасқанын қалаймыз» деп атап өтті Елбасы өз сөзінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір