• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:25:03
Алматы
+35°

25 Мамыр, 2018 Саясат

Дональд Трамп Ким Чен Ынмен кездеспейтін болды

Трамп КХДР лидерімен кездесуден бас тартты

АҚШ президенті Дональд Трамп 12 маусымда Сингапурде жоспарланған Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездесуге бармайтынын мәлімдеді.

Ол мұны Ким Чен Ынға жолдаған хатында айтқан. Хат мәтінін Ақ үй әкімшілігі жариялады.

Посмотреть изображение в Твиттере
 

Хатта Солтүстік Корея тарапынан жасалған соңғы "ыза мен ашық өшпенділікке негізделген" мәлімдеме қазіргі кезде ұзақ күттірген кездесуді орынсыз етеді делінген.

"Хатта Сингапур саммиті болмайтынын хабарлаймын. Бұл екі елдің игілігі үшін болғанмен, әлемге зияны тиіп отыр", - деп атап өтеді АҚШ президенті.

Ким Чен Ынға қарата айтқан сөзінде Трамп Солтүстік Кореяның ядролық мүмкіндіктері жайында "Американың мүмкіндігі одан да зор, күшті, бірақ мен бұл мүмкіндіктердің ешқашан қолданылмағанын Құдайдан тілеймін" дейді.

АҚШ президенті алдағы уақытта бұл саммиттің басқа жолы өтетінін жоққа шығармайды.

"Егер сіз жоғары деңгейдегі маңызды кездесуге қатысты пікіріңіз бен көзқарасыңызды өзгертетін болсаңыз, күмән білдірмей маған хабарласыңыз немесе хат жазыңыз", – дейді Трамп.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір