• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:53:51
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 NEWS

Діни бірлестіктер өкілдерінің ұйымдастыруымен ағаш отырғызылды

Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, соған қоса Астана қаласын көгалдандыру және жаңарту бастамасын қолдау мақсатында жасалды.

2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстандағы діни бірлестіктер өкілдерінің Жиыны шеңберінде «Қазақстан халықының бірлігі - елдің басты байлығы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, Бейбітшілік және келісім сарайы аумағында «Конфессияаралық келісім аллеясына» ағаштар отырғызылды.

Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, соған қоса Астана қаласын көгалдандыру және жаңарту бастамасын қолдау мақсатында жасалды.

Көгалдандыру

Аталаған іс-шараға Дін істері комитетінің төрағасы Е.А. Оңғарбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Аманшаев, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры     А.П Әбуов, Астана қаласының қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.Н. Есин, діни бірлестіктердің, атап айтқанда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының, Қазақстандағы православ шіркеуінің, Қазақстандағы Рим-Католик шіркеуінің, Еврей қауымының, Евангельдік-лютеран шіркеуінің, Евангельдік христиан-баптистер шіркеулері Одағының, «Жетінші күн адвентистері» шіркеуінің, Новоапостол шіркеуінің, Пресвитериан шіркеуінің, Кришна Санасы Қоғамының, Бахаи Қауымдастығының, Иса Мәсіхтің соңғы замандағы әулиелері шіркеуінің және Қазақстан діни бірлестіктері Қауымдастығының басшылары мен өкілдері қатысты.

Көгалдандыру

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір