• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:46:12
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2018 NEWS

Діни бірлестік интернеттегі радикализммен күрес мәселелерін талқылады

2017 жылы министрлік 10744 интернет-ресурстың мазмұнына талдау жүргізіп, заңнамаға қайшы келетін 3555 интернет-ресурстары анықталды.

18 сәуірде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арынның төрағалығымен Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің отырысы өткізілді.

Отырысқа діни бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар дінтанушы-ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес интернет кеңістігінде діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың әкімдіктері жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестердің рөлін күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мәселелері қаралды.

Кеңес жұмысын ашқан вице-министр Б. Арын экстремизм мен терроризмге қарсы алғышарттарды анықтау және жою үшін заңнамалық жүйені, ұйымдастырушылық базаны құру және жетілдіру үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Сонымен қоса вице-министр интернеттегі радикалды идеяларды насихаттауға қарсы тұру қажеттілігіне назар аударды.

Аталған мәселелер бойынша сарапшылар да өз ойларын ортаға салды. Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов интернет-ресурстарда орналастырылған діни материалдардың мазмұнына байланысты заңнама талаптарын бұзудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 2017 жылы Министрлік 10744 интернет-ресурстың мазмұнына талдау жүргізіп, оның ішінде заңнамаларға  қайшы келетін материалдарды қамтитын 3555 интернет-ресурстары анықталған.

Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаев өз баяндамасында орталық және аймақтық деңгейдегі діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестердің рөлін нығайту жөнінде нақты ұсыныстарын айтты. Оның ішінде кеңестің тек діни ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуы, көшпелі отырыстарды өткізу, Кеңестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері қарастырылады.

Отырысқа қатысушылар ғаламтор кеңістігінде діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен күш-жігерін біріктіру маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, Кеңес мүшелері діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестердің рөлін күшейту, сондай-ақ консультативті-кеңесші органның деңгейін көтеру жөнінде ұсыныстар жасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір