19Ақпан

«Діни білім алуға» байланысты заңнама шеңберіндегі өзгерістер

«Діни білім алуға» байланысты заңнама шеңберіндегі өзгерістер
Ⓒqamshy.kz

2017 жылы ҚР Дін істер және азаматтық қоғам министрлігінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы  қалың бұқара назарына ұсынылғаны белгілі. Бұл Заң жобасы білім беру саласын да айналып өтпеді. Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Себебі,  білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогресспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғарғы құндылық.

Дегенмен, білім нәріне, әсіресе діни білімге құштар болған, үлкен өмір жолына жаңа қадам басқан, еліктеу мен қызығушылығы мол жастарды өз торларына түсіруді көздейтін теріс ағымдар қаншама қаракөз жастарымызды өз шырмауына оңайлықпен түсіріп жатқанының куәсі болып отырмыз.  Сондықтан, Заңға енгізілетін толықтырулар еліміздің жарқын болашағын қалаушы  жас ұрпағымыздың санасын улап жатқан жат ағымдарға тосқауыл қоятын шараларға маңызды үлес қосары сөзсіз.

Заң жобасының негізінде ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 3-бабының 6-тармағы бойынша «Дінді оқып-үйрену діни бірлестіктердің ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында), үй-жайларында, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында олардың жарғыларына сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Өзге жағдайларда дінді оқып-үйрену облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ұйымдастырылады және жүзеге асырылады». Яғни, радикалды ағымдардың мектеп қабырғасында, білім беру мекемелерінде өздерінің теріс әрі дәстүрлі дінімізбен мүлдем үйлеспейтін сан алуан пікірлері мен ұстанымдарын  уағыздауға шектеу қойылады. Мұндай тәжірибені көршілес ТМД мемлекеттерінен де байқауға болады. Мысалы, Тәжікстан Республикасының «Ар ұждан және діни бірлестіктер туралы» Заңы 23-бабының 3-тармағына сәйкес мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен мектептерде, сондай-ақ азаматтардың үйлері мен пәтерлерінде діни ұйымдардың ағартушылық және насихат жұмыстарына  тыйым салынады.

Шет елдерде діни білім алу мәселесінің заңнамада реттелуіне келсек, көп жағдайда дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиялық бастауын шетелдік діни оқу орындарынан алатындығын ескере отырып, әзірлену үстіндегі заңда Қазақстан Республикасының азаматтарына діни білімді шет елдерде алуға тек жоғарғы діни білімді елімізде алғаннан кейін ғана жол берілмек.   Себебі, дәстүрлі негіздегі жоғары діни білім мен қалыптасқан азаматтық тұрғыға ие болғаннан кейін отандастарымыздың білімін әрі қарай жетілдіруі үшін шет елдерге баруы қауіпті салдарларға соқтырмайды деп сенуге негіз бар.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Парламент Мәжілісінде аталмыш Заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев: «Азаматтарымыз шетелде, оның ішінде күмәнді діни оқу орындарында оқып, деструктивті идеология ықпалына түсіп жатыр. Астыртын түрлі мектептер мен курстарда білім алып, елге біздің құндылықтарымызға жат әрі радикалдық көзқарасымен оралып жатыр. Осыған байланысты заң жобасында Қазақстанда базалық діни жоғары білім алмағандарды шетке шығаруды шектеу ұсынылып отыр», - деп Қазақстан азаматтарының шетелде діни білім алу мәселесін реттеу маңыздылығын атап өтті.

Яғни, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел мемлекеттерінде рухани (діни) білім алуына Қазақстан Республикасында жоғарғы рухани (діни) білім алғаннан кейін ғана жол берілетін болады. Ал халықаралық шарт (келісім) негізінде, сондай-ақ тіркелген діни бірлестіктердің Қазақстанда рухани (діни) білім беру ұйымдары болмаған жағдайларда ғана шетелде оқып-үйренуге болады. Алайда, рухани (діни) білім беру ұйымдары өз қызметтерін оқу, ғылыми-зерттеу және қаржылық қызметі туралы қоғамды хабардар ете отырып, ашық түрде жүзеге асыруы тиіс. Осы норма Қазақстан азаматтарының шет елдерде рухани (діни) білім алу тәртібін реттеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау  заң жүзінде қатаң   қолға алынады. Білім туралы құжаттарды нострификациялау –  халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында білім алған тұлғалардың құжаттарының баламалылығын анықтау мақсатында, білім туралы құжаттарды тану туралы аталған мемлекетпен халықаралық шарт болмаған жағдайларда жүргізілетін рәсім. Бұл өз кезегінде шетелдегі қазақстандық студенттердің білімін бақылау үшін маңызды қадам болмақ. Қазір мемлекеттік органдармен шетелдік оқу орнына рұқсатнама негізінде қабылдау туралы келісімдер жасау жұмыстары жүргізілуде.

Осыдан бірнеше жыл бұрын да шетел асуға құмар, бағытын жат ағымдардан іздеген жастарды елге қайтару туралы ҚМДБ дабыл қаққан болатын. Діни білім алу мақсатымен шетел асқан жастарымыз дін атын жамылған жат ағымдардың идеологиясына арбалып, шетін көзқарас ниетінде кетіп жатқан мысалдары да бар. Сондықтан, алдағы өзгертулер мен толықтырулар жастарымызды барынша сақтандырудың кепілі болады деп үміттенеміз.

Қайрат Мендібайұлы

«Қаһарман ұрпақ» ҚҚ төрағасы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


1
ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының дəстүрлі "Баспасөз сыйлығы" табысталды
18/02 22:27 0 57
2
Кастамону қаласында «Мағжан Жұмабаев жылы" салтанатты түрде  ашылды
18/02 22:24 0 74
3
Имамдарға келгенде пакетке салған бір жамбасты сөз қылатындар бар...
18/02 18:48 0 380
Үш жыл бұрын Қазақстанда адам өлтірген ер адам Ресейде ұсталды
18/02 18:45 0 189
Үндістандағы тойда жиырма шақты адам көз жұмды
18/02 18:15 0 296

Таныстырылғандар

Үш жастағы баласын  сабаған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Үш жастағы баласын сабаған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Үш жастағы баласын сабаған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оның айтуынша,  әйел 4 ақпанда ауыр жарақаттанған баласын Ош облыстық ауруханасына алып келген.
06/02/2018 13:37 0 561
Қарағандыда 18-ге толмаған қайнысын Сирияға әкетпек болған әйел сотталды
Қарағандыда 18-ге толмаған қайнысын Сирияға әкетпек болған әйел сотталды
Қарағандыда 18-ге толмаған қайнысын Сирияға әкетпек болған әйел сотталды
Қарағандыда ДАИШ халықаралық лаңкестік ұйымына (Қазақстанда және бірқатар өзге елдерде тыйым салынған) қатысқаны үшін 30 жастағы әйел сотталды
06/02/2018 14:29 2 564
Алматыда Назарбаев даңғылы ұзартылады
Алматыда Назарбаев даңғылы ұзартылады
Алматыда Назарбаев даңғылы ұзартылады
Биыл Алматыдағы 89 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
06/02/2018 16:20 0 414
КХДР түрмесінде жатқан оңтүстіккореялық журналист:мұндайды күтпедім (видео)
КХДР түрмесінде жатқан оңтүстіккореялық журналист:мұндайды күтпедім (видео)
КХДР түрмесінде жатқан оңтүстіккореялық журналист:мұндайды күтпедім (видео)
Солтүстік Корея соты журналисті 12 жылға бас бостындығынан айыру туралы шешім шығарды
07/02/2018 12:55 0 1312
Әлемде болған тылсым құбылыстар (видео)
Әлемде болған тылсым құбылыстар (видео)
Әлемде болған тылсым құбылыстар (видео)
2012 жылы бірнеше ел тұрғындары бір уақытта түсініксіз дауыс естіген
08/02/2018 16:13 0 1680
Бақытжан Сағынтаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
Бақытжан Сағынтаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
Бақытжан Сағынтаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
Бүгін Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті
09/02/2018 15:14 1 363
Ресейде құлаған ұшақта тағы бір Қазақстан тумасы болған
Ресейде құлаған ұшақта тағы бір Қазақстан тумасы болған
Ресейде құлаған ұшақта тағы бір Қазақстан тумасы болған
Сергей Панченконың артында әйелі мен екі баласы қалды.
13/02/2018 15:57 0 192
Алматы - Қапшағай күре жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы - Қапшағай күре жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы - Қапшағай күре жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы-Қапшағай күре жолында  болған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты.
14/02/2018 15:31 1 761
Ассамблея төрағасының орынбасары кім болады?
Ассамблея төрағасының орынбасары кім болады?
Ассамблея төрағасының орынбасары кім болады?
Елбасы Ассамблеядағы орынбасарын тағайындағанда ұзаққа созбайтын, бұл жолы бәрі басқаша өрбіп жатыр
15/02/2018 16:13 0 450
Қытай еліміздің кей өңірлерін өз жеріміз дей ме? – ҚР СІМ түсініктеме берді
Қытай еліміздің кей өңірлерін өз жеріміз дей ме? – ҚР СІМ түсініктеме берді
Қытай еліміздің кей өңірлерін өз жеріміз дей ме? – ҚР СІМ түсініктеме берді
Қытай сайттарында мектеп оқушыларына Қазақстанның Жетісу, Алматы өңірі Қытай жері деп оқытылатыны туралы ақпарат тараған болатын.
15/02/2018 17:09 7 2293
Мельбурн ғимаратында бейнеленген қырғыз суретінің түпнұсқасы табылды
Мельбурн ғимаратында бейнеленген қырғыз суретінің түпнұсқасы табылды
Мельбурн ғимаратында бейнеленген қырғыз суретінің түпнұсқасы табылды
Мельбурн ғимаратының бірінде бейнеленген айыр қалпақты ер адам суретінің түпнұсқасы табылды.
16/02/2018 19:50 0 435
Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті
Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті
Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті
Оның есімі Қазақстанда ғана  емес, шет мемлекеттерде де танымал
17/02/2018 10:45 1 668
17 ақпанға арналған ауа райы болжамы
17 ақпанға арналған ауа райы болжамы
17 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Маңғыстау облыстарының күндіз кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді
17/02/2018 10:54 0 204
Салафит жігіттің өкініші
Салафит жігіттің өкініші
Салафит жігіттің өкініші
Бастапқы кезде ол жігіт діни сауатын мешіттен ашады.  Кейін әлеуметтік желілер ар-қылы түрлі діни топтарға қосылып, уағыздарды тыңдай бастайды.
18/02/2018 10:54 0 692
ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының дəстүрлі "Баспасөз сыйлығы" табысталды
ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының дəстүрлі "Баспасөз сыйлығы" табысталды
ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының дəстүрлі "Баспасөз сыйлығы" табысталды
Түркияның Кастамону қаласында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдер өкілдерінің қатысуымен 2017 жылды қорытындылау жиыны өтті
18/02/2018 22:27 0 57