• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:51:53
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2018 NEWS

Діни басқарма жасанды ұрықтандыруға қатысты пәтуа шығарды

ЭКО жасату кезінде ұл немесе қыз ұрпақты таңдап алуға енді шариғат қарсы келмейді.

Жасанды жолмен ұрықтандыру кезінде баланың жынысын таңдауға рұқсат бар. Алматыда діндарлар кеңесі көптің көкейінде жүрген осы мәселеге қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасы-на сілтеме беріп.

ЭКО жасату кезінде ұл немесе қыз ұрпақты таңдап алуға енді шариғат қарсы келмейді. Алайда, ерлі-зайыпты қатты зәру болғанда ғана осы әдісті қолдануы тиіс. Мәселен, болашақа ата-ананың бірі бедеу немесе тұқым қулайтын аурулар болса ғана. Өйткені, генетикалық дерт көбіне ұл балаға беріледі екен. Ал, қыз балаға берілмеуі мүмкін. Айта кетерлігі, ерлі-зайыптылар заң мен шариғат алдында некеде болулары тиіс. Сондай-ақ, бүгін ғұламалар кеңесі туыла сала шетінеп кететін шақалақтарды жерлеудің жөн-жоралғыларына да қатысты пәтуа шығарды.

– Егер түсік болатын болса, 12 мүшесінің белгісі болатын болса, олай болса біз толыққанды жаңағы атын айтып, жерлеуімізге болады. Ал, егер де 12 мүшесі де бүтін, ағзасында кішкене қыбырлаған, яки болмаса, дауысы шығып, сондай болатын болса онда атын айтып, және жаназа намазын оқып, жерленеді деген сөз, - деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір