• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:03:15
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2018 Ғылым-білім

Депутаттар Ерлан Сағадиевтің бұйрығын сынады

Мектеп электрондық жүйеге қосылған жағдайда сынып журналы тек электрондық форматта толтырылады.

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Наталья Жұмаділдаева ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің электрондық журналдарды жүргізу тәртібі туралы бұйрығын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тиісті бұйрыққа сәйкес, сынып журналын жүргізу әрбір мұғалім үшін міндетті саналады. Мектеп электрондық жүйеге қосылған жағдайда сынып журналы тек электрондық форматта толтырылады. Яғни, қағаз түрінде толтырылмайды. Дегенмен де электрондық журнал әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша қағазға басылып, нөмірленіп, мектептің мөрімен бекітіледі.

«Яғни, мұғалім қағаз журналдың қолдан жасалған көшірмесін құрады. Ерлан Кенжеғалиұлы, электрондық журналдық және оның қағаз нұсқасына тыйым салудың мәні неде?», - деді Мәжіліс депутаты министрге қаратып айтқан сауалында.

Министр Ерлан Сағадиевтің сөзіне қарағанда, бұл уақытша шара. Мұғалімдер мәліметтердің сақталуына сенімді болуы үшін осындай ұсыныс жасаған.

«Болашақта мұғалімдер оқушылардың алған бағалары қауіпсіз түрде сақталғанына көздері жеткеннен кейін, біз бұйрықты ауыстырып, осы пунктің күшін жоя аламыз», - деді Білім және ғылым министрі.    

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір