• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:02:11
Алматы
+35°

17 Шілде, 2018 NEWS

Депутат Қайрат Құдайберген Facebook парақшасында «Ақкент» тұрғын үй кешені жанында ағаштың түбінен табылған 5 жастағы Дінмұхаммедтің жағдайы туралы жазды.

аурухана

«Бүгін таңғы 9-да «Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек беру орталығына»  5 жастағы Дінмұхаммедтің жағдайын білу үшін бардым. Ата-анасымен кездестім. Аурухананың бас дәрігері Құсайынов Абай Зәкірұлы баланың денсаулығы туралы айтып берді. Баланың сауығып кетуі 50-де 50. Кеше ол үшінші деңгейлі комада болды, бүгін екінші деңгейінде. 3, 5 және 7 күндер өте ауыр және қауіпті. Қатты соққыдан  баланың бір жақ бас сүйегі ішке қарай кіріп кеткен. Дәрігерлер соққыдан кейінгі қанды ісік пен бас сүйектің сынықтарын алып тастады. Соққыдан Дінмұхаммедтің миы ісе бастады. Ең үлкен қауіп те осы.  Дәрігерлер қолдан келгенше тырысып жатыр, бірақ жағдай ауыр.

Қайрат Құдайберген

Біз сен үшін дұға етеміз, балақай. Қылмыскер жақын уақытта ұсталады деп үміттенемін! Медиктер мен құқыққорғау органдарына алғыс білдіремін» деп жазды депутат.

аурухана

Естеріңізге сала кетейік, адамдар ағаштың түбінен төсенішке оранған 5 жастағы баланы байқаған. Дінмұхаммедті көлік қағып кеткен. Көлік жүргізушісі баланы қағып кеткеннен кейін ағаштың түбіне төсенішке орап қалдырып кеткен. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін депутат полиция қылмыскердің кім екені анықтағанын жазған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір