• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:54:17
Алматы
+35°

20 Шілде, 2018 NEWS

Денистің өмірі 40 мың теңге болғаны ма?

Кәсіпкердің айтуынша, айнаны ұрламақ болған қылмыскерлерді ұрлық жазасы бойынша қылмыстық іске тарту қажет

Кәсіпкердің айтуынша, айнаны ұрламақ болған қылмыскерлерді ұрлық жазасы бойынша қылмыстық іске тарту қажет, себебі мұндай адамдар ұрлықтың көбеюіне алып келеді.

Қайрат Құдайберген Денис Тенді өлтірген күдіктімен оқиға орнында қалай соқтығысып қалғанын баяндады. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі BNews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін 11.30 шамасында досыммен бірге Денис Тен қаза тапқан жерге гүл шоқтарын қоюға келгенбіз. Дұға жасап, бір минут үнсіздіктен кейін қайтуға жиналдық, кенеттен бір топ полиция қызметкерлері мен прокурорлар және чемпионды өлтірген қолы кісендеулі қылмыскер көрінді. Оны оқиға орнына алып келген екен. Гүл шоқтарын қоюға келген халық қылмыскерді қарғап-сілеп жатты: «Қанішер!», «Өліп қал!», «Сендей адамды жер қалай жүр!» деген сөздер айтылды. Күдікті қолын бетімен жауып, жылап келе жатты», - дейді Қайрат Құдайберген.

Денис Тен

Оның айтуынша, тергеуші күдіктіден қылмыстың бүге-шүгесіне сұрап, тергей бастады.

«Мелиция болып қызмет атқарғанда түрлі қылмыскерлерді көргенмін. Арықша келген бұл күдікті жігіт пышақ сұққанда не ойлады екен? Адам өлтіру жайында ойламаған болу керек. Алайда әрбір адам өзінің істеген ісіне жауап беріп, лайықты жазасын алуы тиіс», - дейді кәсіпкер.

Денис Тен

Оның ойынша, бұл жігіттер алдын да осы сынды түрлі қылмыстар жасап, мұндай іспен айналысып жүрген.

«Менің айтарым – ұрланған заттарды сатып алатындарды жауапқа тартып, тиісті жазасын беру керек. Дәл сол адамдар мұндай қылмыстың көбеюіне ықпал етеді. Айнаны 40 мың деп бағалады. Денис Теннің өмірі 40 мың теңге болғаны ма сонда?» - деп күйінеді кәсіпкер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір