• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 17:24:36
Алматы
+35°

20 Шілде, 2018 Әлеумет

Дениссіз Алматы (қайғылы оқиға орнынан видео)

Бұл орны толмас қаза болды. Денистің есімі ел есінде мәңгі сақталады.

19 шілдеде сағат кешкі 18:00-ге таман қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тен пышақ жарақатынан қайтыс болды. Кешегі күн бүкіл Қазақстан үшін қаралы күн саналды. Себебі еліміз дара тұлғадан, талантты азаматтан айырылды. 

Қазақстандық чемпионды ұры әрі қандықол қылмыскер Құрманғазы мен Бәйсейітов көшелірінің қиылысында пышақтап кеткен еді. Соның салдарынан Денис 3 литрге жуық қан жоғалтты. Дәрігерлер оның өмірімен 2 сағат бойы арпалысты, алайда нәтижесіз болды. Жұлдыз бір сәтте сөнді де қалды. Денистің өліміне қайғырмаған қазақстандық жоқ. Осыған орай кешелі алматылықтар спортшыны пышақтаған жерге барып, Денис Теннің жарқын сәттерін естеріне алып, гүл шоқтарын қалдырып жатыр. Қайғылы оқиға орын алған орыннан журналист Серік Аббас-Шах Facebook-тағы парақшасына видео салды.

Бұл орны толмас қаза болды. Денистің есімі ел есінде мәңгі сақталады. Qamshy.kz ақпарат агенттігі Денистің жалғыз анасына әрі халыққа қайғырып көңіл айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір