• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:02:13
Алматы
+35°

25 Желтоқсан, 2018 NEWS

"Денис Тенді тапсырыспен өлтірген болуы мүмкін"

Теннің отбасының қорғаушысы Нұрлан Өстеміров соттан істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады.

Алматыда Денис Теннің өлімі бойынша қылмыстық іске қатысты өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегін негізге алып. Сотта жәбірленуші тарап спортшының тапсырыспен өлтірілгенін айтты.

Теннің отбасының қорғаушысы Нұрлан Өстеміров соттан істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады. Жәбірленуші тарап іске қатысты процессуалдық бұзушылықтар бар және қылмыс тапсырыспен жасалды деп есептейді. 

"Біз қылмыстың сыбайластарын анықтау үшін істі прокурорға қосымша тергеуге жіберуді сұраймыз. 39 томды қамтыған іс материалдарымен танысу барысында, жалпы саны 14 үйлеспеушілікті анықтадық, олар мұның тапсырыс бойынша жасалған қылмыс екенін көрсетеді. Көмекшілер мен арандатушыларды жауапқа тарту керек. Біз келтіріп отырған дәлелдерге көңіл бөлінбей отыр", — деді Өстеміров. 

Оксана Тен бұл пікірмен толықтай келісетінін айтты.

Ал айыптаушылар Оксана Теннің қорғаушысының арызының қайтарылғанын айтты. Құдайберген мен Қиясовтың қорғаушылары істі қайта қарауға негіз жоқ екенін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір