• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:12:39
Алматы
+35°

20 Шілде, 2018 Оқиғалар

Денис Тен: "Мен шетелді армандамаймын, мен, ең біріншіден,қазақпын" (видео)

Адам мына өмірдің жалған екендігін түсініп, өмірдің кереметтілігін бағалауы тиіс.

«Мен Америкада түк көрмедім. Ешқайда шықпадым. Америкаға деген қызығушылығым да шамалы. Ол жерге тек бапкерім үшін, спортшыға жасалған жағдай үшін ғана бардым. Мысалы, бір сағаттық жерде тұрған Диснейлэндке де бас сұқпаппын. Жалпы, шетелде өмір сүруге деген менде қызығушылық атымен жоқ. Себебі мен, ең біріншіден, қазақпын. Ойым, мүддем, менталитетім қазақ. Ал, «патриоттық деген не?» деген сұраққа келсек, ол жалынды сөз емес. Ол, алдымен, іс-әрекет. Қарапайым мысал, көшеде келе жатып көше мәдениетін, тазалығын сақтау. Адам мына өмірдің жалған екендігін түсініп, өмірдің кереметтілігін бағалауы тиіс. Бұл ақиқатты қабылдаған адам қарапайым болады. Сондықтан да қанша танымал болса да қарапайым болып қала береді»  депті марқұм Денис Тен Kazakh TV журналистеріне берген сұхбатында.

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір