• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:32:04
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2018 NEWS

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Тек республиканың батыс облыстарында кезекті суық фронттың өтуіне байланысты жаңбыр және сулы қар түріндегі жауын-шашын, температураның төмендеуі күтілуде.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстанға жылжып келе жатқан антициклонға байланысты республиканың басым аймақтарында жауын-шашынның тоқталуы мен ауа температурасының көтерілуі мүмкін. 21 сәуірге қарай, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндізгі температура 18-23 градусқа дейін, шеткі оңтүстікте 25-28 дейін, шығыста және орталықта 13-21 дейін көтеріліп, солтүстікте 10-18 дейін жылынады.

Тек республиканың батыс облыстарында кезекті суық фронттың өтуіне байланысты жаңбыр және сулы қар түріндегі жауын-шашын, температураның төмендеуі күтілуде. Төмендеуіне қарамастан, алдағы үш күнде батыс аймақтарда температура орта көпжылдық мәнге жуық болады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір