• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:36:04
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2018 Әлеумет

ДАИШ-қа кіру үшін Сирияға аттанған қазақстандық әйел ұсталды

Халықаралық террористік ДАИШ ұйымына кіру мақсатында Сирияға аттанбақ болған қарағандылық әйел сотталды.

Халықаралық террористік ДАИШ ұйымына кіру мақсатында Сирияға аттанбақ болған қарағандылық әйел сотталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Қарағанды тұрғыны 2016 жылдан бері радикалды діни ағымның құрамына еніп, ДАИШ ұйымының мүшелерімен бірлескені анықталды. 1 жыл бұрын дәл осындай қылмыспен оның жұбайы сотталған.

«2017 жылдың тамызында сотталушы ДАИШ террористік ұйымының мүшелеріне медициналық немесе басқа да көмек көрсету мақсатында Сирияға аттану туралы шешім қабылдайды. Сол мақсатта әйел жауынгерлердің бірімен үздіксіз араласып тұрған. Нәтижесінде сотталушыға Қырғызстан және Түркияда арқылы елден шығу ұсынылды», - делінген Tengrinews.kz жариялаған істің материалында.

Сондай-ақ сотталушы әйел Сирияға күйеуінің 18 жасқа толмаған інісін де мемлекет саясатына қарсы қойып, өзімен бірге алып кетпен болған. Күйеуінің інісі Сирияға баруға келіскен соң әйел ол үшін қомақты ақша қажет екенін жеткізді. Алайда балада ақша болмаған. Сол себепті әйел әзірге елден жалғыз шығуға ұйғарып, кейін қайын інісін алып кетуге бекінеді.

Өткен жылдың 14 қыркүйегінде сотталушы жол жөнекей көлік тоқтатып Жамбыл облысындағы Қордай ауылына баратынын айтқан. Сол жерден шекара асып кетуді жоспарлады. Сөйтіп 15 қыркүйекте жолға шығып, ақыр соңы ұсталды. Ол ҚК 259-бабының 2-бөліміне сәйкес «Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз сақтау, тасымалдау, беру немесе өткiзу» бойынша және ҚК 24-257-бабының 3-бөліміне сәйкес «Террористік топ құру және оның қызметіне қатысу» бойынша айыпталды.

Аталмыш іс Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір