• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:29:47
Алматы
+35°

17 Маусым, 2018 NEWS

Дәурен Серғазин «Үздік ер адам бейсені» аталымдындағы жүлдені еншіледі

Бүгінгі күнде қазақтың театр және кино өнерінде еңбегі сіңіп жүрген нағыз қайраткер

Астана қаласы әкімдігі Жастар театрының актері,  Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері,  «Үздік актер» номинациясы бойынша «Саxнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері, Қырғызстан Республикасы мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасының» иегері Дәурен Серғазин, Астана қаласының 20-жылдығына арналған «SAMGAU»  VI Халықаралық театр фестивалінің «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын иеленді.

Талантты ешкім жасап ала алмайды, біреуден сұрапта сатып ала алмайды, ол Алладан беріледі.

Дәурен Серғазин Жастар театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың ең мықты шәкірттерінің бірі. Сахналық кейіпкер болмысын қаз-қалпында беруге ұмтылысында  жанр талғамайтын актер, бүгінгі таңда  ұстазынан алған тәлімін көрерменіне шынайы жеткізе білген талантты әрі шебер актер.

Бүгінгі күнде қазақтың театр және кино өнерінде еңбегі сіңіп жүрген нағыз қайраткер.

Театр сахнасында бірде – Хлестаков, бірде – Люченцио, бірде  - Қожа, бірде – Әмір, бірде - Артур рөлдерімен қалың көрерменнің жүрегінен орын алып жүрсе, кино өнерінде Алдар көсе, Шәмші, Мәди, Айдар образдарымен кең танылып жүр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір