• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:08:22
+35°

11 Сәуір, 2018 NEWS

Дәурен Абаев: Telegram-ды бұғаттауға мүдделі емеспіз

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстанда қолданыс аясы кеңейіп келе жатқан Telegram мессенджерін бұғаттауға мүдделі емес.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстанда қолданыс аясы кеңейіп келе жатқан Telegram мессенджерін бұғаттауға мүдделі емес, деп мәлімдеді ведомство басшысы Дәурен Абаев. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ақпарат және коммуникациялар министрлігі сот шешімін орындау үшін барлық қажетті шараны қолға алуға міндетті. Осыған байланысты тиісті хабарландырулар, соның ішінде Telegram әкімшілігіне де жіберілді. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр, біз Telegram секілді Қазақстанда танымал болып келе жатқан мессенджерді бұғаттауға мүдделі емеспіз», — деді Абаев үкімет отырысынан кейін. 

Айта кетсек, егер Telegram қашқын банкир Мұхтар Әблязовтің республикада тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының материалдарын өшіру туралы сот шешімін орындамаса, онда мессенджердің жұмысы шектелуі мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір