• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:16:30
Алматы
+35°

13 Тамыз, 2017 NEWS

Дәурен Абаев «ЕQUUS» деректі трилогиясынының түсірілім алаңына арнайы барды

«EQUUS» трилогиясы «Адамзаттың Ұлы Одиссейі» фильмі сияқты кеңінен танылады деген сенім бар. Оны әлемнің 50 елінде көрсету жоспарланған.

Ағымдағы жылы 28 тамызда Ақмола облысында «ЕQUUS» деректі трилогиясынының түсірілімін бастау жоспарланып отыр. Осыған орай, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев түсірілім алаңына арнайы барып қайтты. Ақпараттық турға «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасы Елан Қарин, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

«Аталған туынды арқылы Қазақстан жері өркениеттің орталығы болғанын әлемге танытуға үлкен мүмкіндік туып отыр. Әлем ғалымдары жылқы ең  алғаш қолға үйретілген жер қазіргі Қазақстан территориясы екені туралы көптеген дәлелдер келтірді. Фильмнің Қазақстан аумағында түсірілуінің ең басты себебі де - осы. Осы сериалдың арқасында жылқыны ең алғаш біздің ата-бабаларымыздың қалай үйреткенін күллі әлем тамашалайтын болады. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін арттырып, тарихы мен мәдениетіне қызығушықты күшейтеді», - дейді Дәурен Әскербекұлы.

Айта кеткен жөн, 2017 жылы 7 наурызда өткен баспасөз маслихатында министр Дәурен Абаев «Қазақстан» РТРК» АҚ–сы мен «Clearwater Documentary Inc.» компаниясының «EQUUS» деректі трилогиясын түсіретінін жариялаған болатын. Екі жақтым меморандумға сәйкес, «Қазақстан» корпорациясы «Equus» фильмін Қазақстан аумағында қазақ және орыс тілдерінде тарату құқығына ие болады. Сондай-ақ, халықаралық ақпарат таратушы қызметін атқарады.

«EQUUS» трилогиясында жылқы жануарының адамзат тарихындағы рөлі, сондай-ақ Орталық Азия даласындағы жылқы шарушылығының қашан және қалай басталғаны жайында баяндалатын болады. Барлық материалдар ғылыми зерттеулерге негізделген.

Трилогияның режиссері – канадалық Найоби Томпсон. Продюсері – қазақстандық Нұрбол Баймұханов. Түсіру жұмыстарына шетелдің кәсіби кинематографтары, арт-дизайнерлері мен дыбыс режиссерлері тартылады. Бұдан бөлек, тың жобаны іске асыруға Қазақстанның кәсіби мамандары – реквизиторлар, суретшілер, каскадерлер мен киногерлер атсалысады. Негізгі мақсат – көшпелі халықтың ежелгі тұрмыс салтын қаз-қалпында көрсету. Ол үшін Канада мен Германияның үздік түсіру топтары келеді. Фильмде танымал композитор Даррен Фангтың симфиониялық музыкасы қолданылады.

Деректі кино-трилогиясының ресми тизері - 

«EQUUS» трилогиясы «Адамзаттың Ұлы Одиссейі» фильмі сияқты кеңінен танылады деген сенім бар. Оны әлемнің 50 елінде көрсету жоспарланған.

СҚО-ғы  Ботай мәдениетінің  2016 жылдың жаз айындағы түсірілім жұмыстарының сілтемесі - 

 

«Адамзаттың Ұлы Одиссеясы» кинотрилогиясы -

 

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір