• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:05:07
Алматы
+35°

25 Маусым, 2018 Әлеумет

Дариға Назарбаеваның қызы тұрмысқа шықты (фото)

Венера атақты Шайжүнісовтер династиясының ұрпағы Даленмен некелесті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы Венера тұрмысқа шықты. Той Алматыда 23 маусымда өтті.

Венера атақты Шайжүнісовтер әулетінің ұрпағы Даленмен некелесті. Дален Алматыда туып өсті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

Венера - Дариға Назарбаева

Венера – қазіргі таңда студент, анасы Дариға Назарбаева бастаған қайырымдылық акцияларымен айналысады.

Венера мен Дален екі жыл бұрын танысып, жақын араласқан көрінеді. Биыл мамырдың басында екі жас некелерін қиған.

Ал той Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйінің салтанат сарайында өтті. Шараға жастардың ең жақын туыстары мен достары жиналды. Елбасы мен Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Дален мен Венераға ақ баталарын беріп, бақытты отбасылық өмір жолында сәттілік тіледі.

Үйлену той қазақы салт-дәстүрлерге сай өтті. Тойға Дариға Назарбаеваның досы, шығармашылық серіктесі Филипп Киркоров келіп, жастарға ерекше сый тарту етті.

Дариға Назарбаеваның отбасында Венерадан бөлек екі ұл өсіп жатыр. Бірі Асылжан 7 жаста, сонымен қатар немересі Сұлтан да 7 жаста.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір