• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:13:35
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2018 NEWS

Дариға Назарбаева тұрғын үй бағдарламасына қатысты ұсыныс айтты

Мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақыларының төмен екенін ескеріп, баспанамен қамту мәселесінде өз ұсынысын айтты.

ҚР Парламентінің депутаты Дариға Назарбаева Қазақстандағы тұрғын үйлердің бағасын азайтуды ұсынып, мұғалімдер мен дәрігерлерге арнап арнайы баспана бағдарламасын құру керектігін мәлімдеді.

«Дәрігерлер мен мұғалімдердің баспана алудағы мүмкіндіктері қандай? Олар – үлкен азаматтық сектор. Бүгінгі күні баспана алуда түрлі қиындықтарға тап болып отыр. Осы уақытқа дейін ешбір ипотекалық бағдарлама олардың тұрғын үй мәселелерін шеше алмай келеді», - деді Дариға Назарбаева «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланған бүгінгі отырыста.

Сонымен қатар олардың еңбекақыларының төмен екенін ескеріп, баспанамен қамту мәселесінде өз ұсынысын айтты.

«Дәрігерлер мен мұғалімдердің материалдық тұрғыдан жағдайлары әртүрлі. Бірінің отбасы бар, олар бағдарламаға қатыса алады. Алайда ондай мүмкіндігі жоқ мұғалімдер де жетіп артылады. Оларға қандай көмек көрсетуге болады? Мен әскерилер секілді мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы баспана беру бағдарламасын әзірлеуді ұсынамын», - дей келе Назарбаева мұның өзекті мәселе екеніне баса назар аударды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір