• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:10:31
+35°

23 Мамыр, 2018 Экономика

Дариға Назарбаева цифрлық дамудың теріс жақтарын атап өтті

Сонымен қатар, Дариға Назарбаева интернеттің пайда болуы мен цифрлық дамудың теріс жақтарын да атап өтті.

Бүгін Алматыда «Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және өзгеріc әкелген әлем» тақырыбындағы XV Еуразия медиа форумының екінші күнінде ЕАМФ Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева алғысөзін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«15 жыл бұрын осы қалада, осы залда алғашқы медиафорумды өткіздік. Оның өткеніне қанша уақыт болды, бірақ кеше ғана сияқты. Сол кезде туған балалар қазір жоғары сыныпта оқиды. Сол кезде 50 жасын тойлаған адамдар қазір зейнеткер болып отыр.  Шақыруды қабыл алып, әріптестеріңізге тәжірибемен, идеямен бөліскендеріңіз үшін бәріңізге алғысымды білдіремін. Біз форумға келген әлемге әйгілі спикерлерді, модераторларды мақтан етеміз», - деді ол форумның ашылу салтанатында.

 «2002 жылы алғаш рет Алматыда жиналған кезде бұрын «айфон», «айпад», «фейсбук», «инстаграм» болмады. Бұл заттар қазір өмірімізге еніп, әлемді өзіне қаратты. «Пейджер» сөзі ұмыт болды. Диск телефонды ескі кинолардан ғана көреміз. Теледидар жәшігі сұйық кристалл экранға айналды. Ноутбук түрлері көздің жауын алады. Смартфон адамдардың қалтасында жүретін жеке компьютеріне айналды. Бүгінде Интернетте іздеу жүйелері кез келген ақпаратқа жол ашады. Бұрын балалар қуыршақпен ойнаса қазір девайс ұстайды. Әлемде медианы тұтыну өзгерді, ең бастысы жаңа медиашындықта өзін суда жүзген балықтай сезінетін ұрпақ пайда болды. Оларды қазір алғашқы цифрлық буын деп те атайды», - деді Назарбаева ЕАМФ ашылу рәсімінде.

Сонымен қатар, Дариға Назарбаева интернеттің пайда болуы мен цифрлық дамудың теріс жақтарын да атап өтті.

«Интернетке деген қолжетімділік  талантты адамдарға ғана емес, авантюристерге, қылмыскерлерге, пропагандашыларға, терроризм теоретиктері мен практиктеріне де өз ойын жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір