• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:08:14
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 Саясат

Дариға Назарбаева «Ел қорғаны» медалімен марапатталды

Дариға Назарбаева марапаттың өзіне үміт ұялататынын, Қазақстан үшін әскери-патриоттық қозғалыстың маңызды екенін айтты.

Сенатор, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің үлкен қызы Дариға Назарбаева бірінші дәрежелі "Ел қорғаны" медалімен марапатталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Назарбаеваны қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Астанада жастарды әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жиында марапаттады.

Қорғаныс министрі Назарбаеваға "елдің қорғаныс қабілетін күшейтуді қолдап, үлес қосқаны үшін және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру қызметіндегі белсенділігі" үшін алғыс білдірді.

Дариға Назарбаева марапаттың өзіне үміт ұялататынын, Қазақстан үшін әскери-патриоттық қозғалыстың маңызды екенін айтты.

Қорғаныс министрлігі ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерін биылғы наурыздан бастап "Ел қорғаны" медалімен марапаттай бастаған еді.

Еске салсақ, Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының көшпелі отырысы өткен болатын.

2017 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырыс шеңберінде Әскери доктринаның, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының құрылысы мен дамуы тұжырымдамаларының мәселелері мен оның іске асырылу жоспары талқыланды.

Іс-шараға Сенат депутаттары, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының басшылығы қатысты.

Отырысты аша отырып, Д. Назарбаева еліміздің қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мәселелердің маңыздылығын атап өтті. «Қарулы Күштері халқымыздың тәуелсіздігінің кепілі болып табылады», - сыртқы қауіп-қатерлерді алдын алу мен жоюда армияның ұлғайып келе жатқан рөлін атап өтіп, сенатор ханым осылай деді.

Отырыста ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Шпекбаевтың Әскери доктрина туралы сөз сөйлеуі тыңдалды. Ол Доктринада күресудің «будандастық» әдістері, «әскери емес құралдар», «сыртқы қарулы қақтығыс» сияқты түсініктемелер мен ұғымдар алғаш рет қолданылып отырғанын, ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қолдану, киберқауіпсіздікті, әскери қауіпсіздіктің ортақ жүйесіне аумақтық қорғаныстың кіріктірілуі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесінің дамуы, бітімгершілік қызметке Қазақстанның қатысуының кеңейтілуі, мемлекеттің әскери ұйымын басқару жүйесінің даму тәртібі нақтыланғанын атап өтті.

«Бірлескен кешенді жұмысымыз болашақта әскерімізді қажетті заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау бойынша мәселелерді шешуге мүмкнідік береді. Ол үшін қорғаныс туралы Заңға тиісті түзетулер енгізіп, оны мүдделі мемлекетттік органдармен пысықтау қажет болады», - деп атап өтті Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрайымы Д. Назарбаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір