• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:39:41
+35°

19 Маусым, 2018 NEWS

Дархан Кәлетаев Қазақстандағы Жапония Елшісін қабылдады

Министр Жапон елі өкілдерінің Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі жұмысына белсенді әрі ұдайы қатысуына алғыс білдірді.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстандағы Жапония елшісі Ичиро Кавабатамен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

                Кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша әңгімелесті.

        Дін істері және азаматтық қоғам министрі Жапон елі өкілдерінің Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі жұмысына белсенді әрі ұдайы қатысуына алғыс білдірді.

Дархан Кәлетаев Жапония Елшісін 19-20 қазан күндері Астанада өтетін «Жастарға арналған инвестиция» Халықаралық конференциясына қатысуға шақырды.

Айта кетейік, аталған конференцияны өткізу бастамасы Министрлік басшылығының Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентарийлердің Азиялық Форумының төрағасы, Жапония Парламенті кеңесшілер палатасының депутаты Кейдзо Такемимен кездесуі барысында келісілген еді.

Аталған бастаманы жоғары бағалай отырып, Ичиро Кавабата Халықаралық конференцияны өткізуге барынша қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.

          Кездесу соңында тараптар өзара мүдделі бағыттар бойынша екі жақты ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір