• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:53:38
Алматы
+35°

26 Сәуір, 2018 Саясат

Дархан Кәлетаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Тараптар тәжірибе алмасу және діни қызметті реттеу саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролмен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында министр Қазақстан АҚШ-пен жан-жақты серіктестік деңгейінде қарым-қатынастарды дамытуға айрықша мән беретінін айта келе, қазіргі уақыттағы дін саласында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы әңгімеледі. 

Дархан Кәлетаев Қазақстанда мемлекет пен дін арасында өзара іс-қимылдың өзіндік үлгісі қалыптасып келе жатқанына тоқталып, осы бағытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленгенін атап өтті.  

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта елімізде әртүрлі діндер мен конфессиялар өкілдері арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық үшін қолайлы және конструктивті жағдай қалыптасқан.

Тараптар тәжірибе алмасу және діни қызметті реттеу саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар бірлескен тиімді қарым-қатынастарды орнатудағы ортақ бастамалар Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы табысты ынтымақтастықтың кепілі болатынын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір