• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:49:06
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2018 Әлеумет

Дәрігерлер жалақының өскеніне қарсы шықты

Өз жалақыларының өсуіне қарсы шыққан 500 дәрігерге медициналық оқу орындарының 150 студенті қосылды.

Канададағы Квебек провинциясының дәрігерлері жалақыларының көбеюіне қарсы шықты. Медицина қызметкерлерінің жергілікті билікке жолдаған ашық хатында денсаулық сақтау саласының қаржылық саясатын тағы бір қарауын өтінген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың мәліметіне сүйеніп.

Өз жалақыларының өсуіне қарсы шыққан 500 дәрігерге медициналық оқу орындарының 150 студенті қосылды. Наразылық білдірушілер медицинаға бөлінген қаржының әділетсіз екенін алға тартты.

«Медбикелер мен өзге саланың мамандары қиын жағдайда жүргенде біздің жалақымыздың жоғары болуы орынсыз. Оның үстіне денсаулық министрлігіннің қаржыландыру жүйесіндегі шығындарға байланысты бірнеше емделушіге тиісті қызмет көрсетілген жоқ», - делінген дәрігерлердің наразылық хатында.

Ресми деректерге сүйенсек, 2017 жылы мемлекеттік емханада қызмет атқаратын канадалық терапевттің айлығы 2560 мың АҚШ доллары болған. Хирург 300 мың доллар көлемінде жалақы алып жүрді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір