• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:18:51
Алматы
+35°

03 Маусым, 2017 Әлеумет

Дәрігерлер «өсімдік» санатына кіргізген ер адамның бес жылдан кейінгі жағдайы халықтың жағасын ұстатты

Мэтью мен Даниэла шаңырақ көтерді. Жеті ай өткеннен кейін қайғылы жағдай болды. Мэтью ірі жол-көлік апатына түсті. Соның салдарынан комаға түсіп, бірнеше айға...

Мэтью мен Даниэла шаңырақ көтерді. Жеті ай өткеннен кейін қайғылы жағдай болды. Мэтью ірі жол-көлік апатына түсті. Соның салдарынан комаға түсіп, бірнеше айға төсекке  танылды. Ол жасанды тыныс алу аппартымен ғана тыныс алып, сол арқылы жүрегі соғып тұрды. Дәрігерлер Даниэлді аппараттан өшіруге кеңес берді. Себебі мұндай жағдайдағы адамдардың тек 10% оянады екен. Көбі өмір бойы төсекке танылып, естүссіз жатады. Алайда Даниэла дәрігерлердің ұсынысын ашумен қабылдады. Себебі сүйікті жарын өз қолымен өлтіру оның ешқашан ойына келген емес.

Даниэла күйеуін үйіне алып кетіп, оған өзі қарады. Оянатын адамдардың 10% ішінде Мэтью да болады деп сенді. Ұзақ жылдар бойы Даниэла ғажайыпқа сенді, күтті. Әйелдің ата-анасы оған дәрігердің ұсынысын қабылдауға үгіттеді. Күйеуі енді оянбайтынын айтып, жаңа өмір бастауға кеңес берді. Оның жастық шағы мен өмірі науқас күйеуіне қараумен өтіп жатқанын және жеке өміріне нұқсан келтіріп жатқанын алға тартты. Ата-анасы Даниэланы жігіттермен таныстыруға талпынды. Біреуге ғашық болса өз ойын өзгертеді деп сенді. Алайда Даниэла ешкімге құлақ аспады. Тек Мэтьюді сүйетінін және ол тірі кезде оған адал болатынын айтты. Ол жатса да, тұрса да құдайдан күйеуінің сауығып кетуін  тіледі.

Жасанды тыныс алу аппаратына да ай сайын қомақты қаржы қажет болды. Даниэла негізгі жұмысынан бөлек, қосымша жұмыс істеді. 

Бес жылдан  кейін Мэтью көзін ашты. Оны «өсімдік» санатына кіргізген дәрігерлердің болжағаны болмады. Күйеуі есін жиғанымен барлығын ұмытып қалған. Тіпті өз әйелі де есінде жоқ екен.  

Сүйікті жарының қамқорлығы мен махаббатының арқасында оның жағдайы күннен-күнге жақсарып келеді. Ол кішкентай бала секілді барлығын басынан үйреніп жүр. Жүруді, сөйлеуді, қасықты ұстауды және т.б. Мұның барлығын Даниэла ыждағаттылықпен, махаббатпен күйеуіне үйретуде. Қазір Даниэла өте бақытты екенін айтады. Ал Мэтью  Даниэла секілді адамның өмір жолында кездескеніне және жар таңдауда қателсепегені  үшін құдайға күнде алғыс айтып, әйеліне шексіз риза екенін айтады. Аяғына тік тұрып, қалыпты өмірге оралғаннан кейін Даниэланы бақытты ету үшін қолынан келгенінің барлығын жасауға уәде берді. Мұны естіген Даниэланың оның оянғанының өзі ол үшін бақыт екенін айтады. 

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір