• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:10:39
Алматы
+35°

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме беріп.

Олимпиада және әлем чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласы Ноа Киддпен (3-0-1, 2 КО) көз арбасты. Қос спортшы да 68 келі салмақты көрсетті. Джейкобс — Сулецки арасындағы жекпе-жектің андеркартында жұдырықтасатын отандасымыз 6 раундтық жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов жақында ғана атақты промоутерлердің бірі Эдди Хирнмен келісімшартқа отырған болатын. Отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Barclays Center аренасында өткізеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір