• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:14:14
Алматы
+35°

30 Қазан, 2017 Спорт

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа қашан ауысатындығын айтты

Қазіргі уақытта маған біраз ұсыныстар келіп түсіп жатыр

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов Астанада Бокс күніне арналған шарада өзінің әріптестерін құттықтап, алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі sports.kz-ке сілтеме жасай отырып.

«Барлық спортшыларды Бокс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Барлықтарыңыз Олимпиада мен Әлем чемпионаттарында топ жарып, жеңіс тұғырына көтерілулеріңізге тілектеспін», - деді боксшы.

Өзінің жоспарымен бөлісе келе, Даниал Елеусінов дайындығы туралы айтып берді. «Менің шаршы алаңға шықпағаныма біршама уақыт болып қалды. Екі немесе үш чемпионатқа қатысып, келесі жылы шетелге шықсам деймін», - дейді Рио Олимпиадасының чемпионы. 

«Қазіргі уақытта маған біраз ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Бірақ әуесқой боксқа қайтып оралғандықтан, ол ұсыныстардың барлығын қарап жатқан жоқпын. Меніңше, бұл ұсыныстарды екінші жоспарға қалдыра тұрсам деймін. Ауысып жатсам, ол туралы айтатын боламын», - дейді Елеусінов.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір