• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:57:18
Алматы
+35°

17 Қараша, 2017 Аймақтар

Даниал Ахметов: ШҚО өзара тиімді серіктестікке әрқашан дайын

Форумның пленарлы отырысында аймақ басшысы ШҚО-ның Ресей Федерациясының аймақтарымен белсенді серіктестігіне тығыз...

Форумның пленарлы отырысында аймақ басшысы ШҚО-ның Ресей Федерациясының аймақтарымен белсенді серіктестігіне тығыз, тату көршілік қатынастар мен шекаралық ынтымақтастығы жағдай жасайтынын атап айтты. Облыстың Ресеймен сыртқы тауарлық айналымы ағымдағы жылдың бас кезінен бері 108%-ға көбейді (656 млн АҚШ доллары), ресейлік капиталдың қатысуымен 586 кәсіпорын табысты жұмыс істеп тұр, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Рухани саладағы идеологиялық тұғырнама  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарлама толықтай қоғамның ой-санасын өзгертуге, ұлттық және мәдени-генетикалық кодты сақтауға, қазақстандық қоғам мен әр қазақстандықты дамытуға бағдарланған.

Шығыс Қазақстанда тек қазақстандықтар үшін емес, Ресей тұрғындарына да қызықты болатын киелі орындардың тізімдемесі жасалды. Ал «Әдеби белдеу» жобасы  Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасының алуан түрлілігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Адами капиталды дамытуға тұрарлық үлгі ретінде «Туған жер» жобасының аясындағы  «Менің мектебім»  акциясын айтуға болады. Облыс кәсіпкерлері жалпыға ортақ білім беруші мектептердің кабинеттерін Назарбаев зияткерлік мектебінің стандарты бойынша жабдықтауға 2,3 млрд теңге қаражат салып отыр.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, облыста үш тілді білім беру бағдарламасы екі жылдай уақыт жұмыс істеп келеді. Оның негізінде Кембридждік оқыту әдісі жатыр. 2016 жылдан бастап медициналық кадрларды оқытудың үш жылдық кешенді бағдарламасы мен медициналық мекемелерді заманауи құралдармен жабдықтау жүзеге асырылады.

Бұл кездесудің басты тақырыбы — «ЕАЭО бірыңғай сандық кеңістігін құру үшін сандық экономика саласындағы серіктестікті жандандыруға» қатысты Даниал Ахметов заманиуи инновацияларды өмір сүру сапасын жақсартуда қолдануға қатысты мысал келтірді. Жақын болашақта әр шығыс қазақстандық электронды денсаулық паспортына ие болмақ. Бұл әр науқастың ЕАЭО-на қатысушы елдердегі кез келген медициналық мекемеде медциналық көмек алуына мүмкіндік береді.

— Жылдан жылға Ресей-Қазақстан экономикалық, гуманитарлық байланысы нығайып, кеңейе түсуде және жоғары нәтиже көрсетуде. Бұл адами капиталды дамыту мәселесіне ерекше назар аударуға мүмкіндік береді. Ал ол инновацияның басты қозғаушы күші болып табылады, тұрақты экономикалық өсуге сенімді негіз болады. Шығыс Қазақстан облысы конструктивті сұхбат құруға және барлық векторлық интеграция бойынша өзара тиімді серіктестікке әрқашан дайын, — деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов..

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір