• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:00:44
Алматы
+35°

11 Қазан, 2017 Айтты-ей, бауырың!

Даңғаза не қалды енді өтпей жүрген?..

Танымал актер Асқар Наймантаев әзіл мен шындық аралас өлең жазып, фейсбук парақшасына жариялады.

Танымал актер Асқар Наймантаев әзіл мен шындық аралас өлең жазып, фейсбук парақшасына жариялады, — деп жазады  Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталған өлеңді Асқар Наймантаев «Narynkol Patrol» деп атаған. 

ЭКСПО мініп келдім көкшолақты, 
Қарны тоқ, арызы жоқ, шоп-шолақты.
Жарымай тұрсақ тағы ішер асқа, 
Білдірмей аттандырдық көп қонақты.

Қайырмасы:
Олай жүрші, көкшолақ, 
Былай жүрші көкшолақ. 
Дөкейлердің көлігін, 
Жанай жүрші көкшолақ. 
Жемсіз қалғыр көкшолақ, 
Кенсіз қалғыр, көкшолақ, 
Көңсіз қалғыр, көкшолақ.

Мінгенім астымдағы есек арба,
«Бензин», — деп жыламайтын кесек арба.
Ей, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт, 
Қаласаң бола кетер төсек арба.

Даңғаза не қалды енді өтпей жүрген,
«Өткізсек», — деп көкейден кетпей жүрген. 
Үндемес халқың барда өткізе сал,
Қазаққа әдет болды жетпей жүрген.

Мен өзім Алматының көк есегі, 
Баста ми, бойда ерік жоқ есегі. 
Мазақ боп қырғыздардың шыбышына, 
Уәде мен өтірікке тоқ есегі.

Өлең Асқар Наймантаевтың фейсбук парақшасынан алынған

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір