• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:49:59
Алматы
+35°

17 Шілде, 2018 NEWS

Д. Абаев: Ақылды қалалар арқылы өзекті мәселелер шешіледі

Smart city эталондық үлгісі әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

Smart city эталондық үлгісі әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесінде аймақтардың орталық мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы күшеймек. Өзекті мәселелер мен отандық IT нарық дамитын болады, - деп мәлімдеді Ақпарат және коммуникация министрі Д. Абаев Үкіметтің бүгінгі отырысында. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі digitalkz.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ақылды қала мыналарға мүмкіндік береді: басым міндеттерді шешетін қажетті өнімдер мен технологияларды енгізуге, өзекті мәселелерді шешу және аймақтағы табысты және перспективалық дамыту арқылы аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуына жағдай жасауға, отандық IT нарықты дамытуға ықпал етеді», - деді Даурен Әскербекұлы.

Тағы да айта кетерлігі, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында еліміздің барлық облыстарында цифрлық кеңселер ашылды.                                              

«Цифрландыру аясында Ақпарат және коммуникация министрлігі келесі жұмыстарды істеді. Барлық 16 облыстың әкімдіктерінде цифрландыру кеңселері құрылды. Жергілікті атқарушы органдар іске асыратын жобаларды үйлестіру процесін министрлік және Зерде Холдингі негізінде құрылған цифрландырудың орталық штабы басқарылды.  Облыстар мен орталықтандырылған әрі үйлестірілген өзара байланысты орнату үшін жол карталарын жобалар және өзге де ақылды қалаларды жасау мақсатында арнайы портал жұмыс істейтін болды», - деді министр.

Сондай-ақ, министр өңірлердегі цифрландыруға тоқталып, сәтті жүзеге асып, елімізге оң нәтиже беріп жатқанын айтты.

«Ақылды қала жобаларын іске асырылуы бойынша бірнеше мысал келтіре кетейін. Павлодар облысының білім беру саласындағы онлайн журнал мен күнделіктерді іске қосу арқылы оқушылардың оқу үлгерімі 3 пайызға өсті. Шығыс Қазақстан облысындағы аудан орталықтарынан тыс орналасқан 67 дәрігерлік амбулаторияларды және фельдшерлік-акушерлік орындарды  интернет желісіне қосудың арқасында халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің үлесі 93 пайызға артқан», - деді ол.

Оның айтуынша, цифрландырудың арқасында Батыс Қазақстан облысы алғашқы медициналық көмек көрсететін уақытты қысқартты. Атап айтқанда, жедел жәрдемнің келу, жедел жәрдемді басқару жүйелері енгізілді.

«Смарт технологияларды енгізу үшін Астана көше жарығына қызмет көрсету шығындарын 30 пайызға дейін қысқартқан. Ал, энергия қорларын 60 процентке дейін төмендетті», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір