• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:01:24
Алматы
+35°

CNN телеарнасының корреспонденті Дрю Гриффин тікелей эфирде көлікпен суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Тікелей эфирде Гриффин Техастағы дауылдан кейінгі жағдайды баяндап тұрған. Сол уақытта кадрға ақ көліктің суға толған шұңқырға түсіп кеткені түсіп қалды. Гриффин продюсер Брайн Рокуспен жүргізушіге көмектесті. Көлік жүргізушісін құтқарып жатып, болып жатқан жағдайды баяндап та үлгеріп отырды.

«911-ге қоңырау шалуға уақыт болмады. Ол мынау шұңқырда ағып бара жатты», – деді көрермендерге Гриффин.

Айта кетейік, «Харви» дауылы Техаста жүріп өтті. Табиғи апат салдарынан 30 адам көз жұмды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір