• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:35:16
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Черногория астанасында белгісіз біреу АҚШ елшілігіне граната лақтырды

Черногория астанасы Подгорицада белгісіз адам АҚШ елшілігінің ғимаратына қарай граната лақтырып, өзін жарып жіберді.

Черногория астанасы Подгорицада белгісіз адам АҚШ елшілігінің ғимаратына қарай граната лақтырып, өзін жарып жіберді. Черногория БАҚ-ының хабарлауынша, оқиға 22 ақпан күні таңға жуық уақытта болды. Portalanalitika.me сайтының ақпараты бойынша, жергілікті тұрғындар түн жарымына қарай жарылыс үнін естіген, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азатыққа сүйеніп жазады. 

Полицияның аты-жөнін атамаған қызметкері Reuters агенттігіне төтенше оқиға болғанын ғана айтып, басқа ақпарат бермеді. Агенттіктің Подгорицадағы фото тілшісі полицияның елшілік орналасқан көшені қоршағанын, елшілік айтарлықтай зақымданғаны байқалмайтынын хабарлады.

Полиция жанкешті делінген адамның өзін не үшін жарып жібергені әзірге белгісіз екенін айтады. АҚШ-тың Подгорицадағы елшілігі қауіпсіздік шарасының күшейтілгенін хабарлап, америкалықтарға Подгорицадағы халық көп жүретін жерлерге бармауға және жағдайды БАҚ-тан бақылап отыруға кеңес берді.

Бұрын Югославия құрамында болған шағын ғана Черногория мемлекеті былтыр мамырда НАТО-ға қосылған. Черногориядағы және Балқан түбегіндегі ресейшіл адамдар елдің НАТО-ға қосылуына қарсы шыққан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір