• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:49:47
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 Саясат

«Бюджетті мақұлдау – ең жауапты, ең маңызды міндеттердің бірі»

Парламент пен Үкіметтің өкілеттігі күшейтілген конституциялық реформа талаптарын негізге ала отырып әзірленген заң жобасы қызу талқыға түсті

Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтіп, депутаттар «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Парламент пен Үкіметтің өкілеттігі күшейтілген конституциялық реформа талаптарын негізге ала отырып әзірленген заң жобасы қызу талқыға түсті. Депутаттар әсіресе, межелі мақсаттардың соңғы нәтижесіне айрықша назар аударды. Өйткені, тиісті бағдарламалар мен жобаларға жеткілікті қаржы бөлінгенмен, оның тиісті деңгейде жүзеге асырылуы көптеген сұрақтардың тууына себеп болады. Халық қалаулылары осы бағытта бірқатар мәселелерді алға тартып, нақты ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді. Оның барлығы үш жылдық бюджетті мақұлдау барысында есепке алынды. Қорытындылай келе, Мәжіліс Төрағасы:  

-Сонымен біз, еліміздің негізгі қаржы құжаты  - үш жылдық бюджетті мақұлдадық. Бұл еліміздің тұрақты дамуы жолында Парламенттің де,   Үкіметтің де атқарып келе жатқан ең жауапты,                 ең маңызды міндеттерінің   бірі. Сондықтан,  біз бірлесіп,   Елбасымыздың тапсырмаларын басшылыққа алып, мемлекет қаржысын тиімді пайдалануымыз керек,-деді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір