• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:26:04
Алматы
+35°

01 Мамыр, 2018 NEWS

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды.

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Төралқа мәжілісі мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері — 300 теңге болып бекітілді. Айта кетейік, былтыр да пітір садақа осы мөлшерде болған еді. 

Пітірсадақаның мөлшері әр облыстағы бидайдың бағасы ескеріліп, ортақ мөлшермен бекітіледі.

Пітір садақаны құрманың, мейіздің, арпаның құнымен де беруге болады.

Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он алтысына сәйкес келіп тұр. Ал 14 маусымда Оразаның соңғы күні. Маусымның 9-нан 10-на қараған түні — Қадір түні.

Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір