• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 15:38:27
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 Оқиғалар

Биыл ирандықтар қажылыққа бара алмайды

Биыл Иран мұсылмандары Сауд Арабиясына Ұмра қажылығына бара алмайтын болды.

Биыл Иран мұсылмандары Сауд Арабиясына Ұмра қажылығына бара алмайтын болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

Иранның Қажылық департаментінің мәлімдемесі бойынша,  бұл жайттың саяси себептері бар, Сонымен бірге Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімге сәйкес келмейді.

«Иран мұсылмандары үшін кіші қажылық келісімін жаңарту үшін қосымша келісімдер талап етілуде», — дейді Иранның Қажылық департаментінің жетекшісі Хадид Мохаммади. Сонымен бірге Хадид Мохаммади Сауд Арабиясымен жүргізілген келісімде Ұмра қажылығы қарастырылмағанын да жеткізді.

Айта кететін болсақ,  қазір Иран мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасы шиеленісіп кеткен. Бұған 2015 жылы Мина жазығындағы адам өлімімен аяқталған оқиға себеп болып отыр. Бейресми деректерге сәйкес, қажылық кезінде 2 мыңнан астам адам аяқ астында тапталып қайтыс болыпты. Сонымен бірге олардың көбісі Иран азаматтары екен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір