• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:42:05
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Аймақтар

Биыл ШҚО-ның үш ауданында жаңа мектептер салынады

Құрылыс жұмыстарын жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтау керек, - деді Даниал Ахметов

Биыл Шығыс Қазақстан облысында бес әлеуметтік-мәдени нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов осы нысандарды салу жоспарын талқылаған жиында атап өтті және олардың әрқайсысы бойынша нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде Өскемендегі Ахат Куленов кентінде орналасқан ғимаратты бір ауысымда 212 адамға қызмет көрсететін емханаға айналдыру бойынша қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарының 90%-ті аяқталды. Облыс әкімі биылғы көктемде кент тұрғындары көптен күткен нысанды ашуға тапсырма берді.

Осы жылдың қыркүйек айында Абай ауданында ұзындығы 25 метр болатын бес жолақты суда жүзу бассейні пайдалануға беріледі. Бұл нысан ауданда су спорты түрлерін дамыту мақсатында салынып жатыр.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда үш жаңа оқу орны пайда болады. Олар: Аягөз ауданындағы 600 орындық орта мектеп, Үржарауданының Мақаншы ауылындағы 320 орындық орта мектеп және Тарбағатай ауданының Ақжар ауылындағы 300 орындықинтернат пен 600 орындық орта мектеп. Аймақ басшысы аталған үш білім беру нысанын жаңа оқу жылы басталғанға дейін қолданысқа беруді бұйырды.

- Үш жаңа мектептің құрылыс жоспарын қайта қарап, бекітіңіздер. Құрылыс жұмыстарын жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтау керек, - деді Даниал Ахметов. - Сонымен қатар, Тарбағатай ауданында салынып жатқан 300 орынға арналған мектеп-интернатты балалармен толтырудың жобасын жасап, маған көрсетіңіздер. Ең бастысы, интернат бос тұрмауы керек.

Сонымен қатар, айта кетсек биыл алты әлеуметтік-мәдени нысанның құрылысы жалғасатын болады. Олар Өскеменде салынып жатқан үш мектеп пен денсаулық сақтау саласындағы екі нысан. Атап айтсақ, гематологиялық орталықтың және Өскемен қаласындағы 200 орындық қалалық балалар ауруханасының құрылысы .

Сондай-ақ Семей қаласында «Абай-Арена» мәдени-спорт кешені салынады. Оның құрылысы Қарағайлы жаңа шағынауданында басталмақ. Құрылыс жұмыстары халықаралық стандарттарға сай салынуда және 5 мың орынға есептелген. Кешенәлемдік деңгейдегі түрлі спорттық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір