• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:35:52
Алматы
+35°

17 Маусым, 2018 Аймақтар

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22 мың адамға артық.

Бұл сандар бүгін 16 маусымда Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде өткен Медицина қызметкеріне арналған мерекелік іс-шара кезінде айтылды.

Мерекелік іс-шара барысында ең гуманистік мамандықтардың 40 өкілі медальдармен, дипломдармен және еңбектерінің озаттылығы үшін марапатталды. Бүгінгі күнде жергілікті дəрігерлердің арқасында көлік апаттарынан, өрт пен басқада апаттардан мыңдаған адамдар құтқарылды. Егер 2017 жылдың 5 айында «103» қызметіне 100 мың қоңырауларға қызмет көрсетілген болса, 2018 жылдың басынан бастап 122 мың адамның өмірін сақтап қалды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нəутиев медицина қызметкерлеріне өздерінің міндеттерін орындау кезінде көрсетілетін қызметтері үшін, жауапкершілік пен денсаулық сақтауда қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

-Мүмкін, адам өмірінде маңыздылығы дәрігер мамандығынан гөрі үлкен рөл атқаратын әлемде кәсіп жоқ шығар.

Бүгінгі таңда Қазақстан медицина саласының дамуы үшін және медицина қызметінің жоғарғы деңгейде болуы үшін барлық жағдайлар жасалуда. Өңіріміздегі көрсетілетін медицина қызметін арттыру үшін, дəрігерлеріміздің шет елдерде оқып келіп, жаңа апараттармен жұмыс жасауларына мүмкіндік бар.Сіздер тек қана физикалық түрде емдемей, жан-тəндеріңізбен емдейсіздер. Болашаққа күш пен сенім бересіздер,- дейді Əлібек Нəутиев өз құтықтауында.

Медицина саласының үздік өкілдерін марапаттағаннан кейін, жиналған көрермендерге облыстық шығармашылық ұжымының мерекелік концерті өтті.

Айта кетсек, бүгінгі күні Атырау облысында 9 400 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 1300 дәрігер, қалғандары орта деңгейдегі қызметкерлер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір